Троицк мектебі және «Троицк тұрғыны»Бүгінгі күннен тура 160 жыл бұрын - 1861 жылдың 1 қыркүйек күні Троицк қаласында қазақ балаларына арналған 30 орындық орыс-қазақ бастауыш мектебі ашылды. Оған мұғалім болып Орынбор мектебінің алғшқы түлектерінің бірі Нұрым Мұңсызбаев бекітілді. Бастауыш мектеп Ы.Алтынсаринның инспекторлық қызметі тұсында екі кластық уездік мектеп деңгейіне көтеріліп, 1884 жылы Торғай облысына қарасты Николаевск уезінің орталығы Троицкіден Николаевск поселкасына ауысқан тұста қазіргі Қостанайға көшіріліп алынады. Демек, іргетасы Троицкіде қалыптасқан, қазіргі уақытта дарынды балалар дайындауға мамандандырылған Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай мектебіне биыл 160 жыл толып отыр Ағартушының 180 жылдық мерейтойымен қатарлас келген айтулы датаны әлеуметтік маңызы бар оқиға ретінде атап өтуге негіз бар. Себебі аталмыш мектеп қазақ балаларын әлеуметтік тегіне қарай жіктемей, яғни бай-кедейге бөлмей оқуға қабылдаған алғашқы орыс-қазақ мектебі. Оған дейінге ашылған орыс тілді мектептерге (кадет корпустары, Орынбор мектебі) билеуші топ пен бай-бағаландар, патша үкіметіне қызметі сіңген кісілердің балалары ғана қабылданатын еді. Подробнее: https://abai.kz/post/138848 |