Ағартушы айдыныЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның болашағын «Мәңгілік Ел» идеясымен байланыстырғанда, алдыңғы орындардың біріне ұлттың тарихи санасын қояды. Ұлттың тарихи жады неғұрлым терең, тарихи санасының тамыры неғұрлым берік болған сайын әрбір адамның да, қоғамның да рухани әлемі кең әрі таза болады. Бүгінгіні танып, болашақты барлау үшін өткенді білу қажет. Әсіресе, халқының қамын жеп, ұлтының ертеңіне қалтқысыз қызмет еткен, ел тарихында аты мәңгі өшпейтін дара тұлғалардың тағылымға толы өмір жолынан үлгі-өнеге ала білу маңызды. Сондай ғұламалардың бірі әрі бірегейі қысқа да жарқын ғұмырын ағартушылық іске арнаған, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына биылғы жылдың 4 қарашасында 175 жыл толады. Подробнее: https://egemen.kz/article/107449-aghartushy-aydyny |