Алтынсарин және Қостанай мектебі (Оның бастау арнасы – Троицк кездейсоқ таңдау емес)Отарлау дәуірінде Қазақ даласына орыс білімін тарату ісінің алғашқы кезеңі Орынбор қаласындағы Неплюев атындағы кадет корпусы мен алғашқы орыс-қазақ мектебі арқылы жүзеге асты. 1860 жылдардан бастап патшалық әкімшілік орыс-қазақ мектептерінің қатарын далалық өлкелерге қарай кеңейту мәселесін шешуге белсене кіріседі. Бұл істі олар әскери бекіністер мен шекара бойындағы қалалардан бастауды жөн көреді. |